Алматылық хоккей клубы ресейлік ойыншы Евгений Зуевпен келісімшартты бұзғаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Евгений Зуев алматылық хоккей клубынан кетті. Келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды», - деп хабарлады алматылық команда.

19 жастағы қорғаушы Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында 14 матч өткізіп, екі ұпай (2+0) еншілеген. Пайдалылық көрсеткіші «-5».

Айта кетейік, Алматы қазір 24 ​​ұпаймен турнир кестесінде тоғызыншы орында және Ақтөбеден төрт ұпайға қалып келеді.