Ресейлік «Ақтөбе» футболшысы Дмитрий Яшин Семейдің «Елімайынан» шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалпы, өткен маусымда 30 жастағы қорғаушы «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

«Елімайда» Яшин Ақтөбеде бірге жұмыс істеген Андрей Карповичтің жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Бұған дейін қорғаушы ресейлік «Сокол», «Орел», «Байкал», белорусиялық «Крумкачий», «Луча», «Днепр» және «Торпедо-БелАз» клубтарында, сондай-ақ армяндық «Гандзасар» клубтарында өнер көрсеткен.