Черногориялық шабуылшы Борис Цмиляничке петропавлдық «Қызылжардан» келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы шабуылшының ойыны «Қызылжардың» бас бапкері Әли Әлиевке ұнаған. Бористен келісімшартты бір маусымға ұзартуды сұрады.

Айта кетейік, Цмилянич «Қызылжар» сапына жазғы трансферлік терезеде қосылған болатын. Балкан түбегінің футболшысы петропавлдық команданың негізгі шабуылшысы Максим Чиканчимен бәсекелес болды. 9 кездесуде черногориялықтар 2 гол соқты.