Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-ші турындағы ойын алдында «Ньюкасл» жанкүйерлері «Пари Сен-Жермен» жанкүйерлерімен қақтығысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүйсенбіге қараған түні Франция астанасында ультрас ойын алдында Англия жанкүйерлері жиналатын жерді анықтағаннан кейін зорлық-зомбылық басталды. Ньюкаслдың жанкүйерлері пабтың есіктерін жауып тастауға тырысқанымен, париждік жанкүйерлер орындықтар лақтырған.

Бүгінгі матч алдындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция бұған дейін жанкүйерлерге қызмет көрсететін пабтар қақтығыс қаупін азайту үшін ерте жабылуы керек деп айтқан.

Алғашқы матчта «Ньюкасл» 4:1 есебімен жеңген еді