Қазақстандық файтер UFC промоушеніндегі келесі жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

UFC промоушенінің жартылай орта алмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі алдындағы оқу-жаттығу жиындарын АҚШ-тағы Kill Cliff залында өткізіп жатыр. Шавкаттың бапкері Саид Сапаров «Номадтың» жаттығу кезіндегі сәтін бейнероликке түсіріп, өзінің Instagram-дағы ресми парақшасына жариялады.

Бейнероликте Шавкат Рахмонов ONE Championship промоушенінің орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы Нсанг Аунг Ламен жаттығу жасап жатқан сәтін көруге болады.

«ММА спортының аңыз файтерімен жаттығу жасап жатырмыз», – деді Саид Сапаров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен америкалық файтер Стивен Томпсон арасындағы кездесу 16 желтоқсан болады. Бұл жекпе-жек UFC 296 турнирінің басты кардында өтеді.