Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінің ұйымдастыруымен өтеді.

Отандық гандболшылар G тобында Бразилия, Испания мен Украина құрамаларымен өзара кездеседі. Біздің гандболшберлері алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізетін болды.

Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Бразилиямен, ал 3 желтоқсанда Украинамен ойнайды.

Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын болған көрінеді.

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Құрамалар төмендегідей топтарда бақ сынайды:

A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал

В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай

С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.

D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.

Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.

F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.

G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.

H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.