Еуропалық Team Vitality командасы Counter-Strike 2-ден BLAST Premier: Fall Final 2023 финалында FaZe Clan халықаралық командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 (Vertigo-да 13:3, Nuke-де 13:11) есебімен аяқталды. Vitality жеңіс үшін 200 мың доллар табыс тапты. Екінші финалист 85 000 доллар сыйақы алды.

3-4 орындарды Cloud9 және Complexity Gaming иеленді. Командалар әрқайсысы 40 000 доллар табыс тапты.

BLAST Premier: Fall Final 2023 чемпионаты 22-26 қараша аралығында Копенгагенде (Дания) өтті.