Теннистен Дэвис кубогының 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.

Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.