2023 жылы 27 қарашада Астанадағы «Барыс-Арена» мұз айдынында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» - «Витязь» кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар плей-офф аймағынан 10 ұпайға қалып, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында тұр. Өз айдынында «Северсталь» командасын (4:1) жеңген елордалықтар сырт айдында «Трактор» (0:2), «Металлург» (0:2) және «Торпедоға» (2:4) есе жіберді. Өз айдынындағы серия «Нефтехимикке» қарсы матчтағы жеңіспен басталды (4:3 ОТ).

«Витязь» Батыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 11-орынға түсті. Олар плей-офф аймағынан 6 ұпайға қалып тұр. Өткен сенбіде өз айдынында өткен жалғыз матчта клуб «Ак Барстан» (2:3) жеңіліп қалған.

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.