Формула-1-ден үш дүркін және қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен Әбу-Даби Гран-приінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Ферстаппеннің Формула 1-дегі 54-жеңісі. Бұл оған осы көрсеткіш бойынша германиялық Себастьян Феттелден озуға мүмкіндік берді.

Ол тек неміс Михаэль Шумахер (91) мен ұлыбританиялық Льюис Гамильтоннан (103) қалып тұр.

Айта кетейік, Ферстаппен Формула 1 тарихындағы көшбасшы ретінде бір маусымда 1000 айналымды бағындырған алғашқы шабандоз болды.