Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Инстаграм желісінде «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Достар, жанкүйерлер, бүгін маған жақын арада «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыныма қатысты көптеген сұрақтар келіп жатыр. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы мен наурыз айында өтетін ойындар, мен қазір соған көңіл бөлемін. Басты мақсатым және арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына шығу және онда өнер көрсету. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, мен жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», - деп жазды Адиев.