Футболдан Түркия чемпионатының 13-туры аясында «Бешикташ» сырт алаңда алаңда «Самсунспормен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Самсун қаласында өтіп, 2:1 есебімен «Бешикташ» жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташтың» матчқа қатысатын құрамына кірмеді: футболшы жақында «Истанбул Башакшехирмен» болған матчта алған жарақатынан кейін жаттығуға кірісті.