Бүгін, 26 қарашада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Израильмен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу (0:0) есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, командалар алғашқы ойынын үш күн бұрын өткізген болатын. Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді. Бірінші орында Израиль (7 ұпай).