Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ойнайтын "Зенит" БАӘ мен Катарда қысқы жиындарды өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Зенит» маусымның қайта басталуына дайындықты қаңтардың ортасында Абу-Дабиде бастайды, содан кейін Дохаға барады.

16 матчтан кейін «Зенит» 33 ұпай жинап, РПЛ турнир кестесін бастап тұр.