Америкалық боксшы Деметриус Андраде (32-1, 19 КО) отандасы Дэвид Бенавидеспен (28-0, 24 КО) жекпе-жекте нокдаунға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші раундта Бенавидеc қарсыласын нокдаунға түсірді.

Жекпе-жек ақыры Бенавидестің ерте жеңісімен аяқталды: алтыншы раундтан кейін Андраде жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Деметриус Андраде кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Еске салайық, өткен жылы Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жұдырықтасуға міндетті еді, бірақ америкалық боксшы суперорта салмаққа көтерілді.