Футболдан Хорватия чемпионатында 16-тур ойыны өтіп, онда Загребтің «Динамосы» Осьекті қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Загребте өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 24-минутта Марко Булат алаң иелерін алға шығарса, 75-минутта Осиек таразы басын теңестірді. «Динамо» жеңіс голын қосымша уақытта соқты: 90+1 минутта Габриэль Видович мергендік танытты.

Осылайша, Загребтің «Динамосы» үш матчты (екі тең және бір жеңіліс) құраған жеңіссіз сериясын үзе алды. Естеріңізге сала кетейік, «Динамо» - «Астананың» Конференция лигасының топтық кезеңіндегі келесі қарсыласы. Матч 30 қарашада Қазақстан астанасында өтеді.