Германиялық төреші Феликс Брич жарақатына байланысты Бундеслигадағы матчты аяқтай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 жастағы төреші «Айнтрахт» пен «Штутгарт» арасындағы ойында Германия чемпионатындағы өзінің 344-ші кездесуін өткізіп, Вольфганг Старктың рекордын қайталады.

Бірінші таймда Брих оң тізесі мен тобықтан жарақат алып қалды. Төрешіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін ақ лента таңғыш тағып алаңға шықты. Үзіліс кезінде төрешіні ауыстыру туралы шешім қабылданды.