Қазақстандық, әлемнің 226-ракеткасы Денис Евсеев Валенсия (Испания) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 62-інші, жарыстың 1-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде Д.Евсеев 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Р.Баутиста-Агут 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қазақстандық спортшы ештеңемен көзге түсе алмады.

Дегенмен, Валенсияда жартылай финалға жетуінің арқасында Денис Евсеев қазіргі сәтте ATP Live рейтингісінде 226-дан бірден 197-орынға көтеріліп тұр.

Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында үндістандық Рутужа Босейлмен бірге Бангалор (Үндістан) ITF турнирінің финалына шыға алмады. Олар жартылай финалда таиландтық Пуннин Ковапитуктед – ресейлік Анна Урекемен кездесті. Бірінші сетте 2:6 есебімен жеңілгеннен кейін қазақстандық-үндістандық дуэт матчты жалғастырудан бас тартты.