Таиландтың Пхукет қаласында жасөспірімдер арасында ескекаяқпен жүзуден VI Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін штаттағы спортшы-нұсқаушы Инсар Құсанов 100 метрге жүзуде күміс жүлдегер атанды. Ол тек жарыс қожайыны Панупхонг Жарассриге бір секунд есе жіберді.

Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Дамир Ахметов осы жарыста 11-орын алды.

Биыл 17 елден 234 бас қосқан чемпионат 28 қарашада аяқталады.