Қазақстандық шахматшылар Италияның Монтесильвано қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлем чемпионаты екі аптаға жуық уақытқа созылды. Онда ғаламның 80 елінен келген 14 пен 18 жас аралығындағы шахматшылар сынға түсті.

Ел құрамасынан Алдияр Аңсат 11 турдан кейін 8,5 балл жинап, 18 жасқа дейінгілер арасында қола жүлдегер атанды. Қазір ол - 15 жаста.

Ал 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Елназ Қалиахмет 9 ұпаймен күміс жүлдегер болса, 16 жасқа дейінгі ойыншылар ішінде Алуа Нұрманова 3-орыннан көрінді.