Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Бангалор (Үндістан) қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің жартылай финалдық кезеңінде Құламбаева үндістандық теннисші Рутужа Босейлмен жұптасып, Пуннин Ковапитуктед (Таиланд) - Анна Уреке (Ресей) дуэтімен кездесті. Екінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп жатқанда Құламбаева мен Босейл кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, жуырда Францияның Шербург қаласында өткен жарыста Жібек Құламбаева польшалық теннисші Мартина Купамен жұптасып, турнирдің чемпионы атанған болатын.