Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Бекарыс Нұрмұхан кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

66 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда Бекарыс өзбекстандық Акбар Ахмадовпен кездесті. Жекпе жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өзбекстандық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрмұхан турнирдің келесі кезеңіне шыға алмай, әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Бауыржан Мұратов 57 келі салмақтағы 1/16 финалда өзбек боксшысы Пахлавонжон Иброхимовтан жеңіліп қалған еді.