Қазақстандық файтер үшінші жыл қатарынан жеңіл салмақта аралас жекпе-жек өнері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған жарыста қыздар арасында бірінші орынды Жанна Қасқынова иеленді. Ол тұншықтыру техникасын қолдану арқылы шешуші кездесуде жеңіске жетті.

Жалпы есепте Қазақстан бір ұпай айырмашалықпен Украинадан кейін екінші орынға орнықты. Топ-3 үздіктер құрамасын Тәжікстан спортшылары түйіндейді.

Биыл ақпан айында Ерсұлтан Шәкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.