Чили боксшысы Хулио Аламос (16-2, 9 КО) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтан (20-0, 11 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлемнің әртүрлі бөліктерінде Чилиді таныстырудан, ең жақсы сценарийлерде туды көтеруден және чилилік болуды мақтан етуден артық ештеңе жоқ! Үлкен мүмкіндіктерге алға!» – деп жазды Аламос Instagram желісінде.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов қарсыласын бірауыздан ұтқан болатын. Осының арқасында қазақстандық орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанды. Қазіргі белбеудің иегері америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО).