Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Showtime бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында Қазақстан тумасы, бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін өткезеді. ​​Бірінші жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Липинецтің қарсыласы доминикандық Мишель Ривера (24-1, 14 КО) болады.

Жекпе-жек алдында Сергей таразыда 63,04 келіні көрсетсе, қарсыласы 62,59 келі тартты. Бұл дивизионның салмақ шегі 63,5 келі.

Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімінде Сергей Липинец Калифорния штатының боксшысы ретінде таныстырылды.