Алматылық «Қайраттың» спорт директоры Сергей Коридзе клубтың Чемпиондар лигасы матчына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Команданың Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтып өтсеңіз және ешкім жарақат алмады ма?

— Соңғы аптада біз Чемпиондар лигасындағы ойындарға дайындалып жатырмыз. Дайындық 25 қарашада аяқталады. Ертең біз «Андерлехтке» қарсы матчқа ұшамыз. Өкінішке қарай, қарсыластарымыз бізді зерттей алмас үшін бұл ойын екі жақтың өтініші бойынша жанкүйерлер үшін жабық өтеді. Барлық командалар сияқты бұл да тірі организм. Микротравмаларсыз болмайды, бірақ біздің медицина штабы мұны сәтті жеңіп келеді.

29 қарашада «Приштинамен», 30 қарашада «Бенфикамен» және 2 желтоқсанда словениялық «Добовец» клубымен қорытынды матчт өткіземіз. Барлық матчтар Qazsport телеарнасында көрсетіледі, сондықтан барша жанкүйерлерді бізге қолдау көрсетуге шақырамыз!