Астаналық «Барыс» ХК үздік шабуылшысы Райли Барбер қорғаушы Кристиан Хенкелге айырбасталып, қазандық «Ак Барс» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барыс» және «Ак Барс» хоккей клубтары ойыншылармен алмасты. Қазандық команда сапына шабуылшы Райли Барбер қосылды, ал қорғаушы Кристиан Хенкель «Барыс» командасына ауысты.Хенкель кейінгі төрт жыл бойы «Ак Барста» өнер көрсетті. Осы маусымда 28 жастағы қорғаушы 23 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді», - делінген команданың ресми мәлімдемесінде.