Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Валенсияда (Испания) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшының ширек финалдағы қарсыласы испаниялық теннисші Мартин Ландалусе болды. Кездесу 7:6, 7:6 есебімен Евсеевтің пайдасына аяқталды.

Матч 2 сағат 11 минутқа созылды.