Ереванда (Армения) өтіп жатқан 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда қазақстандық Рамазан Орынбасар руандалық Валентин Нтабанганиманамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Орынбасар әлем чемпионатының келесі кезеңіне шықты.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанның тағы екі боксшысы: Бауыржан Мұратов (57 келі) өзбекстандық Пахлавонжон Иброхимовпен, ал Кенесариямир Маржықпаев (63 келі) гватемалалық Кристиан Рамиреспен жұдырықтасады.