Еуразиялық жекпе-жек лигасы жартылай орта салмақтағы тізімді толықтырып, дивизионға жаңа қауіп төнгенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz

Brave CF және UAE Warriors командаларында тәжірибесі бар жеңілмеген өзбекстандық файтер Хотамбек Бойназаров (7-0) ұйыммен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Кәсіпқой деңгейдегі 7 жеңістің 5-іне OCTAGON лигасының жаңа өкілі мерзімінен бұрын қол жеткізді.