Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

WTA Player Awards – 1977 жылдан бері әйелдер теннис қауымдастығының ұйымдастырылуымен өтетін салтанатты іс-шара. Әйелдер арасындағы үздіктерді журналистердің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер 6 спортшының қатарында. Жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде 6365 ұпаймен төртінші орында. Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.