«Тобыл» ФК директоры Андрей Канчельскис қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- «Тобыл» футбол клубының атынан Андрей Антанасовичке атқарған жұмысы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, бақыт және барлық бастамаңызға сәттілік тілейміз, - делінген мәлімдемеде.