Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы матчында Израильді жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаз команда сапында Мариан Авад пен Эден Авиталь голдың авторы атанды.

Осылайша, үш турдан кейін Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен 4-топта үшінші орында тұр.