Алдағы екі трансфер кезеңінде «Манчестер Юнайтед» сапынан 10-нан астам ойыншы кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Manchester Evening News мәліметінше, МЮ құрамды тазарту стратегиясын жалғастырғысы келеді. Өткен жазда командадан 12 ойыншы кетті. Клуб мұнымен тоқтап қалуды жоспарлап отырған жоқ – 2024 жылы жазғы және қысқы трансфер кезінде англиялық командадан тағы 10 ойыншы кетуі мүмкін.

Қақпашы Том Хитон мен қорғаушылар Джонни Эванс, Альваро Фернандес және Брендон Уильямстың келісімшарттары маусым соңында аяқталады. Команда қазір бұл ойыншылармен жұмысты жалғастырғысы келмейді.

Әртүрлі себептерге байланысты Донни ван де Бек, Виктор Линделеф, Мэйсон Гринвуд, Джейдон Санчо, Антони Марсьяль, Софьян Амрабат, Кристиан Эриксен және Каземиро сияқты футболшылар «Манчестер Юнайтед» сапында қалмауы мүмкін.