Орта салмақта WBC чемпиондық атағына ие Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 11 КО) жұдырықтасқысы келетіні жайлы айтқан еді.

Абсолютті чемпион атану үшін кез келген қарсыласпен кездесуге дайынмын деген-ді америкалық. Жәнібек те жауабын көп күттірмеді. Ірі сөйлеп, ірі іске көшуге шақырды.

- Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе алады ма деген сұрақ ешкімде болмайды! Көптің көкейінде тек “Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?” деген сұрақ қана болады!

Мен қазір өз биігімдемін! Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді! Ірі сөз, ipi ic!, – деп жазды боксшы әлеуметтік желісіне.