Бүгін, 23 қарашада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Израильмен матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ағымдағы маусымында Қазақстан әйелдер құрамасы 2 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең түскен.

Израиль құрамасы 1 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетті. Бұған дейін қарсыластар 2016 жылдың 2 маусымында Қазақстан құрамасының алаңында кездесіп, алаң иелері жеңіске жеткен болатын.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады, оны sc.livetv643.me сайтынан көруге болады.