Жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол үш чемпиондық титулдың иегері Артур Бетербиевтің 13 қарашада Канадада өтетін Каллум Смитке қарсы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Артур мен Смит арасындағы жекпе-жек қалай аяқталатынын білмеймін. Бірақ өз басым Бетербиевті жекпе-жектің фавориті ретінде көремін», - деді Дмитрий Бивол қысқаша.

Айта кетейік, Бивол мен Бетербиев арасындағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 2024 жылдың жазына жоспарланған. Оған дейін екі боксшы да келесі жекпе-жегінде жеңіске жетуі керек.