Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) Instagram желісіндегі парақшасында UFC-ге арналған жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол OCTAGON 52 турниріндегі жекпе-жегінен фото жариялады, онда ол бразилиялық Ян Ферразды (15-6) нокаутқа түсірген. Жерлесіміз әлемдегі ең үздік лигаға өзінің дайын екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін UFC өкілдері Бекзат Алмаханның Алматыдағы жекпе-жегін жіті бақылайтыны хабарланған болатын.

Қазір қазақстандық файтер қатарынан тоғыз жеңіске жетті, жалғыз жеңіліске 2020 жылы қазан айында Bushido Qazaqstan FC 3 турнирінде ұшыраған, онда отандасы Сұлтан Жолдошбекұлына (19-2) есе жіберді.