WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Чарло? Оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен кездессе, «Жәнібек жеңе ала ма?» деп ешкім сұрамайды. Тек «Qazaq style оны қай раундта және қандай соққымен нокаутқа түсіреді?» деген жалғыз сұрақ болады.

Қазір нағыз бабымда жүрмін! Дәл қазір қазақ стиліне қарсы бірде-бір боксшының мүмкіндігі жоқ!», - деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін қазан айының соңында Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді мерзімінен бұрын жеңіп, IBF чемпионы атағын алды.