Қазақстандық боксшы екінші жеңіл салмақтағы WBA Inter-Continental титулының иегері Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 КО) Түркияда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 2 желтоқсанда Трабзон қаласында (Түркия) өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Бекман кейінгі жекпе-жегінде 5 тамызда Ташкентте (Өзбекстан) украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңді.