Ла Лиганың басшысы Хавьер Тебас әлеуметтік желіде қызметінен кеткені туралы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тебас мұны Испания футбол қауымдастығындағы жаңа мерзімге сайлау науқанын бастау үшін жасағанын айтты.

«23 желтоқсанда мерзімім аяқталғанға дейін президент қызметінен кету туралы өтінішімді бердім. Өзімді таныстыратын жаңа сайлау процесі ашылады, сондықтан алдымызда тұрған мәселелерді шешу үшін клубтардың мақұлдауын және сенімін сұраймын», - деп жазды Тебас.