Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық боксшыларды сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар Ташкентте өткен әлем чемпионатында 5 медаль (4 алтын және бір күміс) жеңіп алған.

Ал Ханчжоудағы Азия ойындарында біздің боксшылар алтын медаль жеңе алмады. Құрамамыз екі күміс және екі қола медаль еншілеген.