2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия мен Аргентина матчы тарихқа енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Бразилиядағы «Маракана» стадионында өтіп, аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, матч «пентакампеондардың» мундиаль іріктеуінде өз алаңындағы алғашқы жеңілісі ретінде тарихқа енді. Сондай-ақ, команда іріктеуде қатарынан үшінші рет жеңіліп қалды.