Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) ресейлік Александр Грозинмен (23-4-1) кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Наше Дело» лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық файтер мен Жұлдызды Гран-при чемпионы арасындағы кездесу биыл 22 желтоқсанда Мәскеудегі «Лужники» стадионында «Наше Дело 81» турнирінің басты жекпе-жегі аясында өтеді.

Қасымбайдың кейінгі жекпе-жегі Nomad FC промоушені аясында Алматыда өтті. Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Никита Солонин болды. Жекпе-жекте Мұратбек Солонинді бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.