Eуразиялық лига жартылай орта салмақта чемпиондық жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл келесі жылдың қаңтарында OCTAGON 54 шарасы аясында болады, онда ұйымның қазіргі қазақстандық чемпионы Георгий «Рыцарь» Кичигин (29-10) өзбекстандық файтер Шохасан Мирзаматовпен ( 11-2) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық файтер OCTAGON 50 турнирінде ресейлік Ричард Тотровпен (12-7) жекпе-жекте чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын.

Мирзаматовқа келер болсақ, ол аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің есінде осы жылдың шілде айында ирандық Акбар Азади Фарахты ессіз нокаутпен жеңді. ММА бойынша «жыл нокауты» номинациясын жеңіп алуға толық мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, OCTAGON 53 турнирі 23 желтоқсанда Алматыда өтеді.