Сербиялық кәсіпқой ойыншы Неманья nexa Исакович G2 Esports Counter-Strike 2 тізіміне қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми хабарландыру киберспорт ұйымының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Nexa командада Джастин Саважды ауыстырды. Айта кетейік, австралиялық спортшы G2 тегімен 2022 жылдың тамыз айынан бастап өнер көрсетіп келеді.

Қазіргі G2 Esports тізімі:

— Никола NiKo Ковач;
— Илья m0NESY Осипов;
— Неманья huNter- Ковач;
— Расмус HooXi Нилсен;
— Неманья nexa Исакович.