Англиялық «Фулхэм» жартылай қорғаушысы Жоау Пальиньяны «Баварияға» жіберуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі журналист Флориан Плеттенбергке сілтеме жасап.

«Фулхэм» 28 жастағы португалиялық үшін жазда 60-65 миллион еуро сұраған. «Бавария» Пальинья үшін 60 миллионнан артық төлеуге дайын емес. Енді ойыншы қаңтарда «Баварияға» арзанырақ сомаға ауысуы мүмкін.

Осы маусымда Жоау Пальинья «Фулхэм» сапында 12 матч өткізіп, екі гол соқты.