Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси өнер көрсететін америкалық «Интер Майами» мен португалиялық Криштиану Роналду ойнайтын «Әл-Наср» арасында жолдастық кездесу өтетіні ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Аты аңызға айналған футболшылардың «Соңғы би» деп аталатын кездесуі 2024 жылдың ақпан айында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Месси мен Роналдудың соңғы кездесуі 2023 жылдың 19 қаңтарында аргентиналық футболшы әлі ПСЖ сапында ойнап жүргенде өткен болатын. Сол кезде ПСЖ Эр-Рияд жұлдызды командасымен жолдастық кездесу өткізген еді.

Кездесуде Роналду дубль жасағанымен, оның командасы 4:5 есебімен жеңіліп қалған болатын. Лионель Месси матчта есеп ашқан.