Чехия құрамасының бас бапкері Ярослав Шилгави Еуро-2024 іріктеу кезеңінің соңғы матчынан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңнің шешуші ойынында чехтар Молдованы ұтты (3:0). Чехия 15 ұпай жинап, Е тобында екінші орын алып, чемпионаттың финалдық кезеңіне шықты.

Соған қарамастан маман бас бапкер қызметінен кетті.

Шилгави 2018 жылдан бері Чехия құрамасын жаттықтырып жүр. Оның жетекшілігімен чехтар Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шықты.