20 қарашадағы ойын күнінің қорытындысы бойынша Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тағы үш құрама жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар - Италия, Словения және Чехия құрамасы.

Бұған дейін Франция, Бельгия, Португалия, Испания, Шотландия, Түркия, Австрия, Англия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Швейцария, Румыния, Сербия, Нидерланды құрамалары Еуро-2024-ке жолдама алған.

Финалдық кезеңге 24 команда қатысады. Қалған орындар наурызда өтетін Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчтарда анықталады.